Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Анасы екі жасар баласын сірке суын ішкізіп, өлтірмек болды

Ресейдің Мәскеу облысында 26 жастағы әйел адам екі жасар сәбиіне сірке суын беріп, өлтірмек болды, деп хабарлайды El.kz.

Анасы екі жасар баласын сірке суын ішкізіп, өлтірмек болды
Фото: iStock

Үш ай бұрын көңіл жарастырып жүрген ер адамның үйіне Тәжікстаннан көшіп келген әйел баласын өлтіруге тырысқан.

Ол дүкеннен 70% сірке суын сатып алып, оны сәбиінің бөтелкесіне құйып қояды. Бала сұйықтықты байқамай ішіп қойғаннан кейін өзі де 1-2 рет ұрттаған.

Олар ішкі ағзасын қатты күйік шалып, ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, ол кісі өлтіруге оқталу бабы бойынша 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.