Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Семейде қоқыс жәшігіне салып, өртеп кеткен нәресте ауруханада көз жұмды

Семейде шағын аудандардың бірінде бүгін сағат 12:00 шамасында жанып жатқан қоқыс жәшігінен нәресте табылды, деп хабарлайды paryz.kz.

Семейде қоқыс жәшігіне салып, өртеп кеткен нәресте ауруханада көз жұмды
фото: steamcommunity.com

Бұл туралы ақпарат Instagram-дағы oo_osa_semey__vko парашасына жарияланды.

Ондағы мәліметке сүйенсек, шақалақ шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Алайда одан кейін балалар омбудсмені Динара Зәкиева нәрестенің жансақтау бөлімінде көз жұмғанын мәлім етті.

«Қыз бала сағат 19:40-та қайтыс болды. Оның денесінің 80 пайызын күйік шалған. Бала құқығы жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілі және облыс прокуратурасымен байланыста отырмы», - деп жазды Динара Зәкиева өзінің Instagram-дағы парақшасына. 

Бұл ретте нәрестенің дүниеге келгеніне шамамен небәрі 1 күн болған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.