Төтенше жағдайлар министрлігі Талғарда адам қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың отбасының үйі қалай жанғанын айтып берді, деп хабарлайды Paryz.kz.
12 қазан күні сағат 00-50-де Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылында тұрғын үй жанып кетті.
«Шақыру орнына Алматы облысы ТЖД 10 қызметкері мен 3 техникасы дереу жіберілді. Бірінші өрт сөндіру бөлімшесі келген сәтте сағат 01-08-де тұрғын үйдің шатырының жанғаны анықталды. Үй толығымен отқа оранған. Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде жалын 01-38 оқшауланып, 01-43 сағатта 56 ш.м. алаңда толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі нақтыланып жатыр, – деп мәлімдеді ведомство.
Жалынның себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері оқиға орнында жүр.