Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Жетісу облысында хабар-ошарсыз кеткен азаматтың мәйіті өртенген көліктен табылды

Жетісу облысында өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Жетісу облысында хабар-ошарсыз кеткен азаматтың мәйіті өртенген көліктен табылды
Фото: Pixabay

"8 қазанында Талдықорған қаласының шетінде хабар-ошарсыз кеткен, облыс орталығы тұрғынының мәйіті өз көлігінде табылды", - дейді ведомстводағылар.

Марқұмның Талдықорғанның 47 жастағы тұрғыны екені анықталған. Ер адамды өлтіріп, көлігімен бірге өртеп жіберуі мүмкін деген болжам бар.

"Қылмыстық іс тергелуде. Күдіктілерді анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүріп жатыр", - дейді полиция.