Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

Шымкентте алып сәби дүниеге келді

Шымкентте салмағы алты келіден асатын алып сәби дүниеге келді. Дәрігерлер әйелді табиғи жолмен босандырып алды.

Шымкентте алып сәби дүниеге келді
Фото: Шымкент ДСБ

Қала тұрғыны Альмира Жандарбекова 3-қазан күні Шымкент қалалық № 2 аурухананың перзентхана бөліміне келіп түскен.

Дәрігерлер келіншекті бақылауға алып, перзентханада толғағы келгенін күткен. Нәтижесінде 4-ші қазан күні сағат 13:50–де салмағы 6 келі 500 грамм, бойы 63 см сәби дүниеге келді.

Нәрестені туыстары Тауекел деп атады. Бұл Альмира Жандарбекованың алтыншы жүктілігі.

Мамандардың сөзінше қазір ана мен баланың жағдайы жақсы, денсаулыққа ешқандай шағым жоқ. «Қазір ана мен бала өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ. Жағдайлары жақсы»-, дейді аурухана дәрігерлері.