Прямая трансляция

Астана

Астана

13.65°C

Петропавлда үй өртеніп, 3 адам мерт болды

Петропавлда жер үйден өрт шығып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Петропавлда үй өртеніп, 3 адам мерт болды
Фото: © pixabay / Skeeze

СҚО ТЖД баспасөз қызметінің дерегінше, қайғылы оқиға 6 қазанда түнгі сағат 3.16-да болған.

Жер үй және шаруашылық нысаны өртенген. Онда 4 адам тұрған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде жер үй өртеніп жатқан, - деп жазылған облыстық ТЖД таратқан ақпаратта.

Олар үйден 3 жасар қыздың, оның 1985 жылы туған анасы мен 1979 ер адамның (көрші) денелерін алып шықты.

Үйден иесін мамандар құтқарған. Өртті сөндіруге 20 маман мен 6 техника жұмылдырылды.

«Түнгі сағат 4.12-де өрт оқшауланды, сағат 5.29-да толық сөндірілді. Өрттің ауданы 84 шаршы метр болды», - деп жазылған хабарламада. Өрттің себебі анықталып жатыр.