Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Талғар қаласындағы төбелестен бір адам қайтыс болды

Алматы облысы Талғар қаласында түнгі уақытта төбелес болып, салдарынан бір адам мерт болды. Полиция кісі өлтіру фактісі бойынша  қылмыстық іс қозғады. 

Талғар қаласындағы төбелестен бір адам қайтыс болды
Фото: Polisia.kz

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, Талғар қаласында 4 қазанға қараған түні жас жігіттер арасында жанжал туындаған. Кикілжің қарулы қақтығысқа ұласып, салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

– Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық қатысушысы ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайының толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында болады, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ облыстық ПД тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайтынын ескертті.