Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Алматыда дзюдодан Азия чемпионатының жүлдегеріне қастандық жасалды

Алматыда спортшы пышақ жарақатын алды.

Алматыда дзюдодан Азия чемпионатының жүлдегеріне қастандық жасалды
Фото: freepik.com

Бұл туралы ақпарат Telegram арналарының бірінде жарияланды. Бейнежазбадан бір топ жігіттің төбелесіп жатқанын көруге болады.

Автордың сөзінше, қақтығыс кезінде дзюдодан Азия чемпионатының жүлдегері Дамир Исаханов жүрек тұсынан пышақ жарақатын алған. Аталған фактіге қатысты қалалық полиция департаменті түсінік берді.

 «Бұл дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді.Сотқа дейінгі тергеу жан-жақтылық, толықтық және объективтілік қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылуда. Тергеу барысы Алматы ПД басшылығының бақылауында», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.