Прямая трансляция

Астана

Астана

21°C

Оралда автобус өртеніп, жүргізушісі ауруханаға жеткізілді

Батыс Қазақстан облысында өрт сөндірушілер жанып жатқан автобусты сөндірді.

Оралда автобус өртеніп, жүргізушісі ауруханаға жеткізілді
Фото: ТЖМ

«Бүгін Оралда Г.Потанин көшесі бойында автобустың жануы орын алып, жоғары температуралық әсерден жақын тұрған жеңіл автомобиль зақымданған. Өрт жедел түрде сөндірілді. Өрттің салдарынан 1977 жылы туған жүргізуші жеңіл күйік алып, жедел жәрдем бригадасына табысталды», — деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.

Өрттің алдын-ала себебі — техникалық ақаулық.