Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Алматыда көліктен атыс дауыстары естілді: полиция тергеу жүргізіп жатыр

Алматыда көлік ішінен атыс дауысы естілді, – деп хабарлайды paryz.kz.

Алматыда көліктен атыс дауыстары естілді: полиция тергеу жүргізіп жатыр
Фото: istockphoto.com

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбада оқиғаның 22 қыркүйекте Бөкейханов көшесінің бойында болғаны айтылған.

Алматы қаласы Полиция департаменті атысқа қатыса бар күдіктілер ұсталғанын хабарлады.

"Аталған дерек бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оқиғаға қатысушылар ұсталды. Жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.