Алматыда жас жігіт көпқабатты үйден секіріп кетті. Бұл ақпаратты Алматы қаласының Полиция департаменті растады.
Желідегі мәлімет бойынша, 18 жастағы жігіт Әуезов ауданындағы көпқабатты үйден секіріп, суицид жасаған.
- Осы дерек бойынша Әуезов аудандық ПБ қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.
Айта кеткен жөн, бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары балаларды суицидке итермелейтін ойындардың әсері болуы мүмкін екенін айтып, дабыл қаққан болатын.