Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Алматыда жолаушылар автобус жүргізушісін ұрып, есінен тандырды

Алматыда бір топ бұзақы автобустағы жолаушыны, одан кейін қоғамдық көліктің жүргізушісін ұрып тастады. Оқиға бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.

Алматыда жолаушылар автобус жүргізушісін ұрып, есінен тандырды
Фото: Астана әкімдігі

Бейнежазбадан автобус салонында жолаушылар арасында жанжал шыққанын көруге болады.

Оларды ажыратуға барған көлік жүргізушісінің өзі де соққының астына қалып, есінен танып қалған. Алматы қаласының Полиция департаменті жанжалға қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға берілетінін хабарлады.

- Аталған дерек бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Қақтығысқа қатысушылардың кім екені және алдын ала мән-жайлар анықталды. Олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға берілетін болады, - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.