Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Аягөзде әскери қызметкер өзіне қол салды

Аягөз қаласында әскери қызметкер көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Аягөзде әскери қызметкер өзіне қол салды
Фото: asker.kz

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметінің дерегінше, қайғылы оқиға 19 қыркүйекте жұмыстан тыс уақытта болған.

«Гарнизондағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет ететін офицердің денесі үйінен табылды. Алдын ала ақпарат бойынша офицер өзіне-өзі қол жұмсаған. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп жазылған хабарламада. 

Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің туған-туыстарына көңіл айтады.