Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Алматыда Барахолка базарынан тағы да өрт шықты

Алматыда “Барахолка” базарының Жетісу ауданы аумағында орналасқан бөлігінде өрт шықты. Қалалық ТЖД мәліметіне сәйкес, өрт сөндірушілер 13:26-да жалынмен күресуге кіріскен. Ал 13-50-де өрт оқшауланған.

Алматыда Барахолка базарынан тағы да өрт шықты
фото: видеодан скриншот

Төтенше жағдайлар департаментінің техникасы өрт болған аумаққа бірден жете алмаған. Себебі базар аумағында ретсіз қойылған көліктер арнайы техникаға кедергі келтірді.

«Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданы базарының аумағында орын алған жоғары дәрежедегі шақырту бойынша өрт сөндіру жұмыстарын жүргізді. Өртке қарсы оқпандар өрт орнына үздіксіз су беріп, көршілес салынған қойма үй-жайларын қорғауға бағытталды. Өрт 13:50-де оқшауланды. Қойма үй-жайлардан тауар мен материалдық құндылықтар эвакуацияланды. 14:13-те өрт толығымен жойылды», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.