Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Алматыдағы әскери институтта 44 жастағы сержанттың мәйіті табылды

Алматының Түрксіб ауданында орналасқан Құрлық әскерлері әскери институтында 44 жастағы офицердің денесі табылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.    

Алматыдағы әскери институтта 44 жастағы сержанттың мәйіті табылды
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Аталған оқиғаға әскери институттың баспасөз қызметі түсінік берді. Институт мәліметіне сәйкес, 1980 жылғы әскери қызметші өз-өзіне қол салған.

— Осы жылдың 12 қыркүйегінде Құрлық әскерлері әскери институтының инженерлер қалашығының аумағынан 1980 жылы туған келісімшарт бойынша еңбек ететін әскери қызметшінің мәйіті табылды. Алдын ала себеп бойынша әскери қызметші өз-өзіне қол салған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқу орнының басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтаса отырып көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі, — деп хабарлады Құрлық әскерлері әскери институтының баспасөз қызметінен. 

Қылмыстық іс қозғалғанын Ішкі істер министрлігі де растады. «Осы факті бойынша Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды» дейді ведомствоның баспасөз қызметінен.