Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Шымкенттегі түрмеде сотталған адам қайтыс болды

Шымкентте жалпы режимдегі түрмеде сотталған азамат көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкенттегі түрмеде сотталған адам қайтыс болды
Фото: Pixabay

Almaty.tv мәліметінше, №54 түзету мекемесінің әкімшілігі сотталған азамат ауруы салдарынан қайтыс болған.

Бұдан бөлек әкімшілік ұсынған деректерге сәйкес ер адам асқазаны ауыратынына шағымданып, лазаретке бес рет барған. Өкінішке қарай, 3 қыркүйекте ауруханаға жатқызылғаннан кейін қайтыс болған.

Қазір тексеріс жүріп жатыр, сараптама тағайындалды. Марқұмның туыстары бізге сенбей отыр. Бәлкім, олар оны соққыға жықты деп ойлаған шығар. Дегенмен тексеріс нәтижелерін туыстарына хабарлаймыз, - деді түзету мекемесінің бастығы Серікбай Дүйсенов.

Марқұмның артында жұбайы мен үш баласы қалды. Ол адамдарды бопсалағаны үшін 3,5 жылға сотталған көрінеді.