Ақтауда полиция мектепке жарылғыш зат қойылды деп жалған ақпарат таратқан күдіктіні іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz.
Lada.kz мәліметінше, бүгін қаладағы 32А шағын ауданда орналасқан №29 орта мектепте белгісіз біреу жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
«Мектепке арнайы қызмет шұғыл жетіп, оқушылар мен мұғалімдерді қауіпсіз жерге шығарды. Полиция жалған ақпарат бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаы. Күдікті іздестіріліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды», - деді Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.