Ақтөбе облысында жетінші сыныпта оқитын қыз бала жүкті болып қалды, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты Ақтөбе облысының полиция департаменті растады.
Қылмыстық кодекстің 121-бабы "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тергеу жүріп жатыр.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, оқушы қыз жетінші сыныпта оқиды. Аяғы ауыр болғанына аты айдан асқан.
Дәрігерлік кеңес комиссиясының шешіміне сай ол оқуын үйден жалғастырады.