Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Алматыда көлік жүргізушісі автобусқа соғысты

Алматының Бостандық ауданында көлік жүргізушісі автобусқа соғысты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда көлік жүргізушісі автобусқа соғысты
фото: видеодан скриншот

«Hyundai porter» жүргізушісі күндізгі сағат үш шамасында алдымен «toyota land cruiser» жол талғамайтын көлігімен, одан кейін жолаушылар автобусымен соғысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «hyundai porter» жүргізушісі дене жарақатын алып, медициналық көмекке жүгінді. Бостандық ауданының полиция қызметкерлері апат фактісін тергеуге кірісті», - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.