Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Павлодарда футбол бапкері 10 жастағы қызды зорлаған

Kerek.pv Telegram арнасына павлодарлық ер адамдың бала зорлағаны туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Павлодарда футбол бапкері 10 жастағы қызды зорлаған
фото: Halyq Uni

Күдіктінің футбол бапкері екені белгілі болды. Ол 10 жастағы қызға тиіскен. Ал полиция күдіктінің ұсталғаны туралы ақпаратты растады.

Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп түсіндірді облыстық ПД баспасөз қызметі. Қазір тергеу барысы Павлодар облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.