Қолына пышақ ұстаған ер адам мешітке кіріп, әлдебір тұтқындарды түрмеден босатуды талап етті. ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 102 арнасына шұғыл қоңырау түскен соң, полиция оқиға орнына жедел жетті.
Жергілікті жерде 36 жастағы ер адам ұсталып, оның жанынан қолдан жасалған пышақ табылды. Кейіннен күдіктінің 2006 жылдан бері психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды.
«Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты тексеріліп жатыр», — деп хабарлады Астана қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі