Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

«Бомжсың ба?»: Атырауда блогерлер мазақ еткен күзетші көз жұмды

Атыраудағы "Мемлекеттік сараптама орталығы" мемлекеттік мекемесінің күзетшісі жұмыс орнындағы оқиғаға байланысты басына қан құйылып көз жұмған, деп хабарлайды Paryz.kz bugin.kz порталына сілтеме жасап.

«Бомжсың ба?»: Атырауда блогерлер мазақ еткен күзетші көз жұмды
фото: әлеуметтік желіден

"Патриот" телеграм арнасының мәліметінше, мекеме күзетшісі Хәкім Иманиязов 56 жаста болған.

"Мемлекеттік сараптама орталығына" өздерін блогермін деп таныстырған бірнеше адам келіп, бірқатар заң бұзушылықтарды айтып, телефон камерасына түсіреді. Мемлекеттік тудың жоғына, турнекеттік жұмыс істемейтініне шағымданып, мекеме басшысын шақыртқан. Мемлекеттік органға кіргісі келген блогерлер жолын бөгемек болған күзетшіге дауыс көтеріп, артынша балағаттаған. Видеода ер адамның күзетшінің аяқ киіміне тиісіп, "сен бомжсың ба?", "сен кімсің?", "сен еркек емессің, белдемше киіп ал" деген сөздер айтады. Осыдан кейін Иманиязовтың жағдайы нашарлап, бірнеше аптадан кейін көз жұмған. 

Оның артында жұбайы, екі ұлы мен қызы қалды. 

"Патриот" арнасына сұхбат берген күзетшінің әйелі Мариямның айтуынша, жұмыста жүрген күйеуін қорлағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартады. Блогерлерге қатысты арыз полицияға "мемлекеттік сараптама орталығы" мемлекеттік мекемесінен келіп түскен. Жанжал туралы бейнеролик тергеушіге жеткізілді.