Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Үш жасөспірім көз жұмды: Атырау облысында қайғылы жағдай болды

Атырау қаласының маңындағы Береке ауылының тұсында 3 жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Үш жасөспірім көз жұмды: Атырау облысында қайғылы жағдай болды
Фото: Halyq Uni

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан хабарлағандай, оқиға бүгін, 26 тамызда түсқайта болған.

«Бүгін сағат 17:25-те Атырау қаласына таяу орналасқан Береке ауылында 3 жасөспірімнің Жайық өзеніне батып кеткені туралы шақырту түсті. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, 3 жасөспірім ұлдың арнайы жабдықталмаған орында суға түскені анықталды. Жедел құтқару жасағының сүңгуірлері сағат 18:25-те екі жасөспірімнің мүрдесін су астынан тауып, Жайық өзенінің жағалауына шығарды», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан. 

Белгілі болғандай, Жайық өзеніне батып кеткен 3 жасөспірім бір жылда өмірге келген. Олардың жасы – 16-да. Қазір өзенге батқан үшінші жасөспірімді іздестіру жұмысы жалғасып жатыр. Жасөспірімді іздеуге 18 құтқарушы, 5 жүзу құралы, 4 техника тартылған.