Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Біз де алаңдаймыз - Қорғаныс министрі Ербаян Мұхтардың жағдайына қатысты айтты

Қорғаныс министрлігі әскери қызметші Ербаян Мұхтардың жарақат алу оқиғасына байланысты ресми хабарлама жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz, Sn.kz-ке сілтеме жасап. 

Біз де алаңдаймыз - Қорғаныс министрі Ербаян Мұхтардың жағдайына қатысты айтты
сурет: gov.kz

"Мерзімді қызметтің әскери қызметшісі Ербаян Мұхтардың жарақат алғаны туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде таратылған ақпаратқа қатысты мынаны түсіндіреміз. 

Қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтар Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан бөлімшесінде мерзімді әскери қызмет атқарды.  Мерзімді қызметтің сарбаздары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланында, Мемлекеттік күзет қызметінде және Төтенше жағдайлар министрлігінде қызмет өткеретінін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше Қорғаныс министрлігі аталған күштік құрылымдардағы әскери қызметтің қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырмайды. 

"Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау командирлер үшін басты міндет болып табылады. Біз де Ербаян Мұхтардың туыстары мен жақындарымен бірге оның денсаулығына алаңдаймыз және Қорғаныс министрлігінің емдеу мекемелерінде медициналық көмек көрсетуге дайынбыз", - деді ведомсвто өкілдері.