Қарағанды облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды, – деп хабарлайды Paryz.kz, Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, апат Қарқаралы қаласынан Ботақара ауылына дейінгі автожолда 18 тамыз күні сағат 11:00 шамасында болған.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, 20 жастағы ер адам Lada Priora көлігін басқара алмай, қарама-қарсы беттегі жолаққа шығып, 44 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан Opel Vectra көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екі жүргізуші де, Lada Priora жолаушысы да, Opel Vectra жолаушысы да сол жерде қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Тағы 3 жолаушы әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.