Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Алматыда 3 жасар бала терезеден құлап көз жұмды

Куәгерлердің айтуынша, жантүршігерлік оқиға Алатау ауданы Райымбек даңғылы бойындағы "Ақкент" шағын ауданында болған. 3 жасар бала 7 қабаттағы терезеден құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 


Алматыда 3 жасар бала терезеден құлап көз жұмды
Сурет: azattyq-ruhy.kz

Бүлдіршін ата-анасы ұйықтап жатқанда, олардан бұрын оянып абайсызда терезеден құлап кеткен. 

Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді.

“Алатау аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.