Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

СҚО-да тұрғын үйде болған өрттен 5 жасар бала қаза тапты

Өрт кезінде бала үйде жалғыз болған. Ал оның ата-анасы жергілікті ЖШС-інде жұмыста болған.

СҚО-да тұрғын үйде болған өрттен 5 жасар бала қаза тапты
фото: ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үйден шыққан өрттен 5 жасар бала қайтыс болды, деп хабарлады paryz.kz, облыстық ТЖД-ге сілтеме жасап.

"1 наурызда сағат 18.59-да Новороссийка ауылындағы тұрғын үйден өрт шықты деген хабарлама келді. Бір қабатты тұрғын үйдегі пәтер өртеніп жатқан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенше үйдегі 5 жасар бала көз жұмған. Өлімнің себебін анықтау үшін мәйіт сараптамаға жіберілді", - деді Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Серік Наурызбаев.

Өрт кезінде бала үйде жалғыз болған. Ал оның ата-анасы жергілікті ЖШС-інде жұмыста болған. Өрттің себебі анықталып жатыр. Мамандар оның себебі пештің дұрыс жұмыс істемеуі болуы мүмкін деп санайды.

Серік Наурызбаев өрт сөндірушілер оқиға орнына бір сағаттан астам уақыт жүріп келгенін және олар жеткенше үй өртеніп кеткенін айтты. Алайда үйдің екінші жартысына зақым келген жоқ.