Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Сыныптастары жезөкшелікке мәжбүрлеген қыздың үйіне күзет қойылды

Қызылорда облысында жыныстық мәжбүрліктен жапа шеккен қызға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Бұл туралы Қызылорда облысының Балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Жақсыгүл Тоғанова әлеуметтік желідегі жазбасында мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz, Adyrna.kz-ке сілтеме жасап.  

Сыныптастары жезөкшелікке мәжбүрлеген қыздың үйіне күзет қойылды
Фото: qaz.ulysmedia.kz

Тоғанованың айтуынша, оқиға туралы ақпарат түскеннен кейін ол бірден жәбірленген қызбен және оның анасымен кездескен. Кездесуден кейін қызға үш рет психологпен кеңес ұйымдастырылып, облыстық денсаулық сақтау департаментінің қолдауымен толық медициналық тексеру жүргізілген.

Қыздың жағдайын ескере отырып, дәрігерлер оны ауруханаға жатқызуды ұсынғанымен, анасы бұл ұсыныстан бас тартты. Осыған байланысты, медициналық көмек үй жағдайында көрсетілуде.

”Тексерулерден кейін де жасөспірімге бірнеше рет психологиялық қолдау көмектері көрсетілді. Анасының айтуы бойынша, уақытылы алған көмектің нәтижесінде баланың жағдайында оң өзгерістер бар. Баланың қауіпсіздігін сақтау мақсатында полиция департаменті арқылы тәулік бойы үйінің аумағына күзет қызметі қойылды. Әрине, барлық іс-әрекеттер мен көмектер анасының келісіміне және баланың қалауына сәйкес жасалады. Алдағы кезеңде де мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан барлық көмектер уақытылы жасалатын болады,” - делінген хабарламада.