Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында үшем жарық дүние есігін ашты.
Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында үшем жарық дүние есігін ашты. Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының тұрғыны Гүлсая Қалжанова өмірге үшем әкелді. Балалардың есімі – Хамза, Ибраhим, Ахмад. Үшеуі де дін аман, ертең үйіне шығады.
– Бұл отбасының төрт баласы бар. Бір қыз, үш ұл. Үшем өмірге келіп, енді ол 7 баланың ата-анасы атанып отыр. Анасы Гүлсая – Мұғалжар ауданы әкімдігінде іс жүргізуші, әкесі Әділхан теміржол саласында еңбек етеді. Балалардың денсаулығы жақсы. Ибрахим 2 985 гр, ал Хамза мен Ахмад 2 435 гр болып өмірге келді, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.