Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Мешітте намаз оқып отырған әйел адамды белгісіз біреулер ұрып кетті

Журналист Сандуғаш Дүйсенова Instagram парақшасында мешітте болған оқыс оқиғаның видеосын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Мешітте намаз оқып отырған әйел адамды белгісіз біреулер ұрып кетті
фото: видеодан скриншот

Видеоға мән берсек, мешіт ішінде екі әйел адам өтіп бара жатып, намаз оқып отырған адамды соққыға жығып кетеді.

«Ал енді мына сұмдықты қараңыздар. Мешітте болған жағдай. Бір дөкейдің әйелі намаз оқып отырған қызды тепкілеп соғып кетіпті! ҚМДБ, бұл недеген бассыздық? Имамдар қайда қарап жүр? Сонда Алланың үйінде әр мұсылманды осылай сабай берсе, не болғанымыз? Бұл бұзақыларды қандай күнә күтіп тұр, егер полиция мен прокуратура болған жағдайды елемесе?» - деп жазды журналист Сандуғаш Дүйсенова.

Мешітте болған оқыс оқиға желі қолданушыларының ашуын тудырды.

«Иттің балалары ұсталды ма екен!? Сол жерде өздерін тепкілеп мугедек жасау керек еді», «Мынау тексіз кімді басынғаны? Мынау не деген бассыздық?», «Мешіттің ішкі тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тарту керек», - деп жазды желі қолданушылары.