Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Ақмола облысында ер адам көшеде балаларды аяусыз ұрған: полиция тергеуді бастады

Атбасарда ер адамның балаларды таяқпен аяусыз ұрып жатқан сәтінің видеосы желіде тарады, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Ақмола облысында ер адам көшеде балаларды аяусыз ұрған: полиция тергеуді бастады
фото: әлеуметтік желіден

Кадрлардан ер адамның ағаштан бұтақты жұлып алып, көлігінен шыққан әрбір баланы ұра бастағанын көруге болады. Оқиғаны бір бойжеткен бақылап тұрғаны да көрінеді. Балалардың жағдайы туралы хабарланған жоқ. Ақпаратты Ақмола облыстық ПД растады.

«Бұл факт Атбасар аумағында орын алды. Полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 109-бабы «ұрып-соғу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, осы бейнежазбадағы адамды анықтау және оны қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде», - делінген полиция хабарламасында.