Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

«Айрылып қалдық»: Париж Олимпиадасында қазақстандық шенеунік қайтыс болды

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарына келген Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Paryz.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

«Айрылып қалдық»: Париж Олимпиадасында қазақстандық шенеунік қайтыс болды
Фото: Алматы әкімдігі

Бұл ақпаратты ҚР Туризм және спорт министрілігі де растады.

«Өкінішке қарай, Парижде Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллиннен айырылып қалдық. Оның кенеттен жүрегі тоқтап, қайтыс болды», - деді ҚР Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріп Kazinform тілшісіне берген жауабында.

Айта кетейік, Ерден Рашидұлы Алматының спортын 2022 жылдың мамыр айынан бері басқарады. Оған дейін Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.