Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Келіншекті түннің ортасында терезеден кіріп зорламақ болды – ауыл әкімінің үстінен іс қозғалды

Желіде Жетісу облысында ауыл әкімі тұрғынның үйіне терезеден кіріп, әйел зорламақ болған деген ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Келіншекті түннің ортасында терезеден кіріп зорламақ болды – ауыл әкімінің үстінен іс қозғалды
Фото: Istockphoto

Құқық қорғау органы үйге заңсыз кіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын мәлімдеді. Полицияға арыз-шағымды жәбірленуші түсірген.

«Бірнеше күннен бері Жетісу облысы Ақсу ауданы Ақсу ауылының әкімі күйеуі, бала-шағасы бар келіншекті түннің ортасында терезеден кіріп зорламақ болды деген ақпарат тарап жатыр. 

Бұл әкім осындай іске екінші рет барғаны айтылады. Неге іс қозғалмайды?.. Оның «крышасы» мықты. Енді істің бәрі бұрмаланып, әкім сытылып кетсе, таңғалмаймын», - дейді желіге видео жариялаған Мұрат Орманов атты азамат.

Редакция Жетісу облысының әкімдігіне хабарласты, жергілікті ведомство өкілі оқиғаның анық-қанығын анықтап барып жауап беретінін айтты.