Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Павлодар облысында бүлдіршін терезеден құлап кетті

Ақсу қаласында 2 жасар бүлдіршін терезеден құлап кетті, деп хабарлады Paryz.kz.

Павлодар облысында бүлдіршін терезеден құлап кетті
Фото: pavlodarnews.kz

Павлодар облысы жедел жәрдем станциясының дерегінше, оқыс оқиға 3 тамызда Ақсуда болған.

103 пультіне 2022 жылы туған бала екі қабатты үйдің терезесінен құлап кеткені туралы ақпарат түскен.

«Дәрігерлер 3 минуттан кейін оқиға орнына жетті. Сағат 15:10-да баланы жедел жәрдем қызметкерлері Ақсу қаласының ауруханасына жеткізіп тексерді. Кешкі сағат 18:10-да бала облыстық балалар ауруханасының травматологиялық бөліміне жеткізілді. Оған ультрадыбыстық зерттеу, рентген жасалып, кезекші травматолог және хирург тексерді», – деп жазылған облыстық балалар ауруханасы таратқан хабарламада. 

Бүлдіршінге мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, оң қол мен аяқтың жарақаты деген диагноз қойылып, травматологиялық бөлімге жатқызылды. Баланың жағдайы – орташа ауыр.