Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Қазақтелекомның салғырттығынан бала ажал құшты: Қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысында Қазақтелекомның салғырттығынан сымдардың бірі үзіліп, кішкентай бала мерт болды. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қазақтелекомның салғырттығынан бала ажал құшты: Қылмыстық іс қозғалды
Фото: Pixabay

Алматы облыстық полиция департаментінің бөлім басшысы Ернар Сайдилдиннің айтуынша, кішкентай баланың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеуді басталды.

«Кеген ауданының полиция қызметкерлері абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жұмысты орындау немесе қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның бүкіл мән-жайын зерттеуде толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін сараптама тағайындау арқылы бүкіл қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр»,- деп атап өтті полиция өкілі.