Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

«Жақында түрмеден шыққан»: Әйелін өртеп жіберген ер адам өзіне қол жұмсады

Таразда ер адам өз үйіне от қойған. Сол кезде үйде болған әйелі жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Кейіннен үйдің маңынан отағасының мәйіті табылды. 

«Жақында түрмеден шыққан»: Әйелін өртеп жіберген ер адам өзіне қол жұмсады
Фото: ТЖМ

«Жақында түрмеден босап шыққан 54 жастағы ер адам мен әйелінің арасында жанжал болған. Сол кезде үй иесі үйді өртеп жіберген. Кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Оның денесі өз үйінің маңынан табылды. Денесін күйік шалған әйелі ауруханада қайтыс болды. Аталған дерекке қатысты қажетті сараптамалар тағайындалды», — делінген Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.