Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Ақтөбеде мас полицей ерлі-зайыптыларды көлікпен қағып өлтірді

Ақтөбе облысында 34 жастағы полиция қызметкері мас күйінде көлік айдап, ерлі-зайыптыларды қағып өлтірді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ақтөбеде мас полицей ерлі-зайыптыларды көлікпен қағып өлтірді
Фото: Pixabay.com

Дереккөзге сүйенсек, полиция қызметкері тойдан кейін мас күйінде көлік тізгініне отырған. Рульге ие бола алмаған ол 25 және 26 жастағы екі адамды қағып кеткен. Өкінішке қарай, ерлі-зайыптылар қаза тапқан.

Полиция қызметкері әуел баста оқиға орнынан қашып кетіп, артынан өзі берілген деген ақпарат бар. Қазір жол апатына кінәлі адам қамалып, оның тікелей басшысы болған бірнеше адам жұмысынан қуылғаны белгілі.