Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Бүгін Түркістанда жер үйден бес адамның мәйіті табылды

Үйде табиғи газбен жылыту жабдығы орнатылған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бүгін Түркістанда жер үйден бес адамның мәйіті табылды
фото: дереккөз

Бүгін кешкі сағат 18.35-те Түркістан облысының ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне "103" қызметінен Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде көршілері 5 адамның, оның ішінде 4 кәмелеттік жасқа толмаған баланың мәйітін тауып алғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлады paryz.kz.

Алайда үй ішінде өрт болғаны байқалмайды. Үйде табиғи газбен жылыту жабдығы орнатылған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті.

"ТЖД-ның 6 қызметкері, 2 техника, ПД қызметкерлері мен 4 техникасы, жедел-жәрдем бригадасынан 3 маман мен 1 техника, "КазТрансГаз" АҚ-ынан 3 өкіл және 1 техника жұмылдырылып, оқиға орнына жетті", - делінген хабарламада.

ТЖМ халықты газ құралдарын пайдалану кезінде қарапайым қағидаларды сақтауға шақырады.