Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Атырау облысындағы Сағыз ауылының жастары тағы да төбелесті

Атырау облысындағы Сағыз ауылының жастары арасында жанжал туындады. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Атырау облысындағы Сағыз ауылының жастары тағы да төбелесті
Фото: Pixabay

Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Әлеуметтік желіде Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында болған жанжал туралы бейнежазба тарады. Осыған байланысты Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтау жұмысын жүргізуді қолға алды. Аталған дерек бойынша бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Облыс аумағындағы барлық ауруханалар тексеріліп, дене жарақатымен қаралған тұлғалар анықталған жоқ», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Сағыз ауылындағы жастарға профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліліп жатыр. Сағыз – Қызықоға ауданындағы Сағыз ауылдық округінің орталығы. Теміржол бойында орналасқан бұл ауылда үш білім ордасы, бір музыка мектебі, бір колледж бар. Екі балабақша, мәдениет үйі, Сағыз бөлімшелік ауруханасы жұмыс істейді. Ауылдық округте 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 7441 адам тіркелген. Оның құрамында Кенбай, Қоңыраулы, Былқылдақты елді мекендері бар.