Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Туған қызын зорлап, 4 жастағы баланы өлтірген: Абай облысында агрессорға қатысты үкім шықты

Өзінің 9 жастағы туған қызын мас күйінде зорлап, артынша 4 жастағы ұл баланы өлтірген, сөйтіп, баланың денесін қоғамдық дәретхананың біріне тастап кеткен Абай облысының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Paryz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Туған қызын зорлап, 4 жастағы баланы өлтірген: Абай облысында агрессорға қатысты үкім шықты
Фото: depositphotos.com

38 жастағы еркек өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
2023 жылы қыркүйек айында 4 жастағы баланың денесі Семей маңындағы тас жол бойындағы дәретханадан табылды.
Баланың анасы жұмыс істеу үшін күтуші есебінде агрессордың әйеліне ұлын тастап кеткен. Ол қайтып келгенде, бала жоқ болып шыққан. Күтуші баланы басқа үйде деп, алдаған. Артынша, ащы шындық ашылды. Баланы ұрып өлтірген, күтушінің күйеуі оның денесін спорттық сөмкеге салып, жол бойындағы дәретхананың біріне тастаған.

«Баланың анасы ақша табуға кеткен. Төрт ай бойы, бала осы адамның үйінде болған. Бір күні ол баланы ұрып-соғады. Бала алған жарақаттарынан қайтыс болды. Агрессор баланың денесін сөмкеге салып, жол бойындағы дәретхананың шұңқырына тастап кеткен», - деп хабарлады Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот өкілдері.

Сот ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айырды. Оның әйелін 2,5 жылға соттады.