Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

50 жастағы қазақстандық әйелді шетелде зорлаған

Үндістандағы жеке клиникада 25 жастағы санитар Қазақстаннан барған 50 жастағы әйелге сексуалды зорлық жасаған, деп Paryz.kz ақпарат порталы Times of India дерегіне сілтеме жасап хабарлайды.

50 жастағы қазақстандық әйелді шетелде зорлаған
Фото: Pixabay

Басылым мәліметінше, қазақстандық науқас 12 шілдеде қызымен бірге Үндістанға келген. Жексенбіде әйелге операция жасалғаннан кейін, палатаға ауыстырылған. Такур жөргекті ауыстыру кезінде әйелге қол жүгірткен болуы мүмкін. Бірақ сол күні айыпталушы оған бірнеше рет жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен. Бұл туралы әйел қызына мәлімдеген. Оқиға орнына полиция шақырылған.

Үндістанның Гургаон қаласының аудандық прокуратурасы аталған іске қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, науқастың қызы берген шағым негізінде сол күні зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 15 шілдеде санитар Такур Сингх қамауға алынды.

Раджастханның Тиджара қаласынан шыққан Такур Сингх есімді айыпталушы ауруханада санитар болып жұмыс істеген.