Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Қарағанды облысында жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, үш адам көз жұмды

17 шілде күні сағат 06.00 шамасында «Алматы -Екатеринбург» тас жолында Ақсу-Аюлы кентінен 5 шақырым жерде Chery Tiggo жеңіл автокөлігі мен «Красноярск-Шымкент» бағытына жолға шыққан VAN HOOL маркалы автобусы апатқа ұшырады, деп хабарлайды paryz.kz. 

Қарағанды облысында жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, үш адам көз жұмды
фото: Қарағанды облысының полиция департаменті

Салдарынан Chery Tiggo автокөлігінің жүргізушісі және оның екі жолаушысы қаза болды. Сондай-ақ, жеңіл автокөліктің үш жолаушысы мен автобустың жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста 51 адам болған, деп мәлімдеді Қарағанды облысының полиция департаменті.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп толықтырды ведомство.

Жаз маусымында тек «Алматы-Екатеринбург» тас жолында күніне 33 мың автокөлік өтеді. Осыған орай, әр 25 шақырымға полиция жасағы қойылып, оның саны 22-ге дейін көбейтілді. Жол-көлік оқиғасына түскен екі автокөлікті те оқиғаға дейін патрульдік полиция батальоны қызметкерлері тоқтатып, жол жүру ережесін сақтау бойынша ескерткен. Өкінішке қарай, жүргізушілер полицияның ескертпелеріне құлақ аспаған.