Түнде елорда мекемелерінің бірінде төбелеске ұласқан оқиға орын алды. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Астана қаласы ПД түсініктеме берді.
«Түнгі уақытта елордалық мекемелердің бірінде жас жігіттер арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде төбелеске қатысы бар адамдар полицияға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады полиция.