Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Cудьяны ұрлап, несие алуға мәжбүрлеген ер адам іздестіріліп жатыр

Астанада судьяны ұрлап, отбасын қорқытып, 300 мың теңге несие алуға мәжбүрлеген ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz, Aikyn.kz-ке сілтема жасап. 

Cудьяны ұрлап, несие алуға мәжбүрлеген ер адам іздестіріліп жатыр
Фото: zab.ru

Журналист, блогер Михаил Козачковтың хабарлауынша, судья Ордабаевқа үйінің автотұрағына бетперде киіп, қаруланған белгісіз біреу келген. Ол өлтіремін деп қорқытып, судьяны көлікке мінгізіп, елсіз жерге алып кеткен.

Сосын Ордабаевқа отбасы, балалары мен туыстары туралы ақпарат бар екенін айтып, қоқан-лоқы көрсеткен. Осылайша судья өз атынан 300 мың теңге көлемінде несие рәсімдеп, ақшаны шабуылдаушыға аударған.

Алайда қылмыскер мұнымен тоқтап қалмаған. Қылмыс орнынан жасырынып, Ордабаевты өлтіремін деп қорқытып, тағы 12 миллион теңге беруді, сондай-ақ анықталмаған сот шешімінің күшін жоюды талап еткен. Зардап шеккен судья қылмыс туралы құқық қорғау органдарына хабарлаған.

Қазір "Адам ұрлау", "Бопсалау" және "Сот төрелігіне кедергі келтіру" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.