Полиция кадрларда көрсетілген ғимарат бірнеше күн бұрын төтенше жағдай болған жатақхана екенін растап отыр.
Әлеуметтік желілердің бірінде Петропавлдағы көпқабатты үйде болған жарылыстың видеосы тарады, деп хабарлады paryz.kz.
Полиция кадрда көрсетілген ғимарат бірнеше күн бұрын төтенше жағдай болған жатақхана екенін растап отыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рамиль Камалов осы көпқабатты үйден 7 газ баллоны, оның ішінде жарылған баллон шығарылғанын хабарлаған. Оларды дәмханада ғана емес, тұрғын бөлмелерде де қолданған. Бұрынғы жатақхана орталық газбен жабдықтау жүйесіне қосылмаған.
Тағы оқи отырыңыз: Петропавлда жатақханасы өртенген тұрғындар биліктен жаңа баспана беруді талап етуде
Үйдің 120 тұрғыны уақытша көшіріліп, көпқабатты үйді қалпына келтіру жұмыстары басталды.