Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Қонаев қаласында атыс болды: бір адам көз жұмды

Қонаев қаласында атыс болып, бір адам көз жұмды, екіншісі ауыр хәлде ауруханада жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Қонаев қаласында атыс болды: бір адам көз жұмды
Photo : Рixabay/Skitterphoto

Оқиға 26 маусым түнгі уақытта болған.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктілер іздестіріліп жатыр. Аталған факті бойынша тергеу облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауында", - деп хабарлады полиция.

 

Қазақстан ІІМ басшысының бірінші орынбасары Марат Қожаев жанжалға қатысушылардың барлығы анықталғанын, олардың іздестіріліп жатқанын айтты.

Оқиға салдарынан екі адам ауруханаға жеткізілген. Біреуі көз жұмды. Екіншісінің жағдайы өте ауыр, дейді дәрігерлер.

"27 маусымға қараған түні Қонаев қаласының көпсалалы қалалық ауруханасына 2000 жылы туған ер адам оқ жарақатымен түсті. Хирург-дәрігерлер мен реаниматологтар бригадасы шұғыл түрде ота жасады. Қазіргі уақытта науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Науқастың жағдайы өте ауыр", - дейді дәрігерлер.