Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы Балқаш көлінде қиын жағдайға тап болған 4 балықшы құтқарылды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Олар қайықпен жүзіп, өз бетімен жағаға шыға алмай қалған.
«Құтқарушылар 30 минуттың ішінде қайықтағы балықшыларды тауып, жағаға шығарды. Балықшылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, оларға медициналық көмек қажет емес», - делінген Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті хабарламасында.