Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Оралда ер адам өз-өзіне қол жұмсады

Орал қаласында 59 жастағы ер адамның өз-өзіне қол жұмсағаны анықталды, деп хабарлады Paryz.kz. 

Оралда ер адам өз-өзіне қол жұмсады
Фото: gov.kz

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 17 маусымда болған.

Ер адамның денесі кешкі сағат 17:50-де табылды. Ол 1965 жылы туған. Қазір марқұмның не себепті өз-өзіне қол жұмсағаны анықталып жатыр.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Жалпы, былтыр Батыс Қазақстан облысында 10-нан астам адам несие төлей алмай, өз-өзіне қол жұмсаған.