Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Абай облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметші көз жұмды

13 маусым күні, оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына байланысты Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі жарақат алып, көз жұмды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Абай облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметші көз жұмды
Фото: Қорғаныс министрлігі

Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі және лауазымды тұлғалар Қылмыстық кодекс және Тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылатын болады.

Қарулы күштер әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Оларға барлық көмек көрсетілетін болады