Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Соңғы ойын». Қарқаралыдағы көкпарда жеңіске жеткен меркілік шабандоздар өмірден өтті

Меркінің шабандоздары Қарқаралыда өткен көкпардан соң көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Соңғы ойын». Қарқаралыдағы көкпарда жеңіске жеткен меркілік шабандоздар өмірден өтті
фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы фотограф Бақберген Шағырбай Instagram желісінде жазды.

"Соңғы ойын. Өмірден алған ең үлкен сабағым, пендешілік. Кеше Қарқаралыда өткен екі күндік тойда көкпардан Меркі ауданының командасы суырылып алға шықты, бірінен соң бірін ұтып бірінші орынды иеленді. Кеш қарайып жолға шықтық, шаршаумыз. Алдында арқа сүйер екі ағам және мен. Кенет ұялы телефоныма хабарлама келген, дауыстатып тыңдадым. Ол сөздер осылай айтылған еді "Аға, Ассалаумағалейкүм! Шаршамадыңыздар ма? Чемпион болдық, шүкір. Сізден сұрайын дегенім суреттерім болса әке-анамды білесіз, келініңіз бар. Қуантқым келіп еді" деп аудиожазба тәмәм. Тыңдадым да, зер үн қаттым "жолда келе жатырмыз, шаршадық. Жеткен соң жіберемін" дегендей дөрекілендім. Жол үстіндеміз. Кенет көлік басқарып келе жатқан ағам "ұлық болсаң, кішік бол. Түсінемін, шаршайсың. Бірақ өз көңіліңмен жұртты санама" деді. "Өзімнің жақсы көретін інім ғой" дедім де жолды жалғастырдық. Елге аман-есен келіп шаруаларды реттеп тағы бір күн өтті. Таңғы хабарлама 7:38-де. "Асссалаумағалейкүм аға, біз жолға шықтық". "Ронти қазір суреттерің өңделіп жатыр" дедім мен. Қарқаралыда жарқ еткен жас бала Меркі командасында ойын көрсеткен жас шабандоз. Бүгін өмірден озды. Алла өзі жарылқасын. Отбасы, ата-анасына қайғырып көңіл айтамын!" - деп жазды фотограф.

Желіде жарияланған апат видеоларында 2 адам қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған. Адамнан бөлек, жүк көлігіне тиелген 4 жылқы өлген.